Сағат 18:00-ге дейін Қазақстанда сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Келесі ақпарат 20:00-де ұсынылады

көрнекі фото

Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын дауыс берген сайлаушылардың белсенділігін жариялауда. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттарын сайлауға тізімге енген сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берген. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді.

Өңірлер бойынша 18:00-ге дейін дауыс беруге қатысқан қазақстандықтардың пайыздық үлесі төмендегідей:

  • Ақмола облысы бойынша – 65,1%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 52,4%
  • Алматы облысы бойынша – 66,5%
  • Атырау облысы бойынша – 51,1%
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 57,7%
  • Жамбыл облысы бойынша – 68,3%
  • Қарағанды облысы бойынша – 65,2%
  • Қостанай облысы бойынша – 69,1%
  • Қызылорда облысы бойынша – 67,9%
  • Маңғыстау облысы бойынша – 49,1%
  • Павлодар облысы бойынша – 64,5%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 69,8%
  • Түркістан облысы бойынша – 59,9%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 67,2%
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 44,0%
  • Алматы қаласы бойынша – 27,7%
  • Шымкент қаласы бойынша – 53,2%

Сайлау учаскесіне қанша дауыс беруші қатысқаны жайлы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ұсынылады.