«Nur Otan» партиясының Оралдағы бақылау комиссиясы мүшелері тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады
Бүгін «Nur Otan» партиясының Орал қалалық филиалы жанындағы партияның бақылау комиссиясы мүшелері қаладағы "Ақ Отау - 20" және "Чикаева - 18" мекен-жайларында орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті.
Еске сала кетсек, аталмыш тұрғын үйлер "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқасында бой көтерген еді.
Партия жанындағы бақылау комиссиясы мүшелерімен және мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездескен жергілікті тұрғындар өздерінің ұсыныс-тілектерін жолдады. Оның ішінде, бірінші кезекте балалар ойнайтын алаңқайлар қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, көпқабатты пәтерлердің тұрғындары үйдің кіреберісінің жол жиегіне өте жақын орналасқандығын жеткізіп, үй маңында орналасқан жоғарғы вольтті ток желісінен қауіптенетіндерін айтты. Бұл орайда, үміткерлер мен комиссия мүшелері жергілікті халықтың сұрақтарына жауап беріп, көтерген өзекті мәселелерді жергілікті атқарушы органдарға жолдайтындығын айтты.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлау қорынан төленді