«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды бағдарламасы биылғы жылы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты
«Тарихымыз терең, таңба болып таста қалған,
Мақсатымыз айқын, алдымызда асқақ арман...»«Бүгінде сол мақсат-міндеті айқын, біз қолға алған реформалардың жалғасы ұсынылуда, ол - «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы» , - дейді «Nur Otan» партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Мира Махатчина.
Ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев «мемлекеттік институттар ендігі жерде қоғамдық мүдделерден бөлек жұмыс істей алмайды, олардың қызметі толығымен азаматтарымыздың нақты сұраныстарын мен талап-тілектеріне бағытталуы керек» деп баса көрсетті.
Осы орайда ел көкейіндегі сауалдарды тыңдай отырып, партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы биылғы жылы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты, ұстанымы - елді жаңғырту, барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру.
«Бүгінде облыс аумағындағы жергілікті тұрғындарға тұғырнаманы түсіндіріп, ой бөлісу, пікірін тыңдау мақсатында әр форматта ауқымды кездесу шарасын атқардым, кездесу аудиториясы әр санаттан: тоғыз жолдың торабында орналасқан, экономикамыздың дамуына қосар үлесі зор аудандарымыз бен кеншілер қалаларының тұрғындары, оның ішінде ақылы баға жетпес қазына саналатын үлкендер, ардагерлер, бүгінгі күннің батырлары саналатын медицина саласының қызметкерлері, отбасында ғана емес, еліміздің әлеуметтік-саяси торабында да белсенділік көрсетіп жүрген әйел-аналар, көпбалалы отбасылары, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар, болашақта еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізі саналатын жастар қанаты, экономикамыздың қозғаушы күші саналатын бизнес өкілдері, кеншілер және бастауыш партия ұйым мүшелері, кәсіподақ ұйымы мүшелері, бұл кездесулер сәйкесінше әр саланың өңірлік даму-жетілдіру жоспары бойынша толық мәлімет- мағлұматтардың берілумен қатар ашық диалог түрінде кері байланысты да қамтыды.
Кездесу үздіксіз, қойылатын сауалдар толассыз, барша қазақстандықты күтіп тұрған жауапты науқан, ел болашағын, алдымызға қойған мақсаттарға жету жолын таңдау науқаны жақындаған сайын қоғамның белсенділігін байқалады, қуанарлық жағдай, себеп, бұл - болашаққа немқұрайлылықпен емес, үлкен жауапкершілікпен қарау және сол жүкті нақты іспен көтеру кезеңі екенін сезінгендік», - дейді Мира Махатчина.
Кандидаттың айтуынша, қазір расымен де «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыру қажеттілігі туындады.
«Сондықтан бүгінгі ахуалды нақты, айқын іс-қимылдармен шешу- талап, бұл жолдағы беріктігіміз - қиындықты бірлесе еңсеру, оған белсенді атсалысу – қажеттілік, әрбір қазақстандықтың бақуатты өмір сүруі және өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндік жасалған берекелі қоғам құру – міндет!» - дейді кандидат.
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді