20 жастан бастап 59 жастан асқан салымшылар үшін зейнатақы жинағының бір бөлігін пайдаланудың жеткіліктілік шегі белгіленді
Еске салайық, 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат тұратын емделуге ақы төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беруге пайдалану құқығы берілді.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ақпарат жарияланды. Ақпаратта көрсетілгендей, жас санатына байланысты зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өзгертілген.
Жақында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтың бір бөлігін пайдалану тәртібін түсіндірді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 761 мыңнан астам жұмыс істейтін салымшы жалпы көлемі 2,4 трлн теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын пайдалану құқығын қолдана алады. Жинақтардың жеткіліктілік сомасынан асатын орташа сомасы шамамен 3,2 млн теңгені құрайды.