Шетелден ұшып келген 215 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған

Автор: Azattyq Rýhy

5 қаңтарда Қазақстанға халықаралық рейстермен 2 мыңға жуық жолаушы келді

Фото: ашық дереккөзден

5 қаңтарда Қазақстанға Германия, Корея, Үндістан, Мальдив, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 14 халықаралық әуе рейсімен 1 940 жолаушы келді. Шетелден келген қазақстандықтардың 1 725-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, 215 азаматта тиісті анықтама болмаған.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына – 8 рейс (1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз – 140);

Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз – 4);

Ақтау әуежайына – 1 рейс (3 жолаушы анықтамамен келді);

Шымкент әуежайына – 1 рейс (206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз – 56);

Қарағанды әуежайына – 1 рейс (143 жолаушы анықтамамен келді);

Атырау әуежайына – 1 рейс (150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарында ПТР-анықтамасыз келген 162 қазақстандықтық бәрінде ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.