«Сары» аймақта 6 өңір бар
Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Атырау облысы енді. «Сары» аймаққа енген өңірлер - Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.
Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 742 адамнан коронавирус анықталды. Атырау облысында 101 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кенішінде 78 адамнан, Атырау қаласында - 9, Жылыой ауданында - 2, Құрманғазы ауданында – 12 адамнан анықталды.