Автокөлік айып тұрағына қойылды
Автокөліктің мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жасырып жүргізген 16 жастағы жасөспірім анықталды. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
4 қаңтарда патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский және Луговой көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жауып қойған «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталып, оған қатысты Әкімшілік кодекстің 590-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданып, автокөлік айып тұрағына қойылды.
Сондай-ақ, жасөспірімге Әкімшілік кодекстің 612-бабының 4-бөлімімен (жүргізу куәлігін оқымаған және де 1 жыл ішінде құқықбұзушылық жасауды кайталағаны үшін) әкімшілік хаттама жасақталып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.