Рождество мерекесінде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қатынай ма?

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады

Фото: tengrinews.kz

Мереке күні, атап айтқанда 7 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алда Рождество мерекесіне орай тағы бір демалыс күні болады. Алайда қоғамдық көлік әдеттегідей жұмысын жалғастырады. 7 қаңтарда автобустар жүреді», - делінген компания хабарламасында.

Еске сала кетейік, бетперде тағу режимін сақталады, жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.