Ақмола облысы «қызыл» аймаққа енді

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта – алты өңір

көрнекі фото

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, «қызыл» аймаққа Ақмола облысы мен Атырау облысы орналасқан.

«Сары» аймаққа: Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары енген.

Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.

Еске сала кетейік, Қазақстанда соңғы тәулікте тағы 795 адамнан коронавирус анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы (120 адам), Атырау облысы (116), Алматы қаласы (87), Павлодар облысы (72) коронавирус инфекциясын жұқтыру қайта өршіді.