Құрманғазы ауданында үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр
Алдағы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауына қатысуға ниет білдірген партиялар Сайлауалды бағдарламалары негізінде түрлі акциялар мен іс-шарлар өткізу жұмыстарына көшті.
Бұл ретте «Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы аудандық филиалы да науқанға сақадай сай дайындықпен келгенін мәлімдеп, үгіт-насихат кезеңін бастап кетті.
Биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат дептутаттығына үмітерлер мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат шаруа қожалығы иесі Есболат Құбашев пен жеке кәсіпкер Гаухар Болатбаева Теңіз ауылдық округі тұрғындарының үйлерінде болды.
Шара барысында ауыл тұрғындары Сисенбай Молдашев, Ғазиз Жұмабаевтың үйіне бас сұққан үгітшілер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, тұрақтылық пен дамудың берік кепілі болған «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра беретіндігін айтып өтті. Мемлекеттік шекараны белгілеу, экологияны жақсарту, этносаралық бірлік пен дінаралық келісімді нығайту, бизнесті өркендету, экономиканың жаңа салаларын, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыру сияқты Қазақстанның басты жетістіктеріне тоқталып, басқа да мәселелерді сөз етті.
Тұрғындар да өз тараптарынан ауылдың өркендеуі үшін бірқатар жұмыстар атқарылғандығын айтып, алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.
Қ.Ғұмаров
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді