Жыл соңына дейін 2 млн шаршы метр әлеуметтік тұрғын үй салынады

Автор: Azattyq Rýhy

40 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтылады

 
Фото: ашық дереккөзден

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй мәселелерін шешу және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаты тұрғын үйдің қол жетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

«Мемлекеттік инвестициялар аясында жыл соңына дейін 2 млн шаршы метр әлеуметтік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 40 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтылады, оның ішінде 25 мыңнан астамы қол жетімді несиелік тұрғын үй беру арқылы, 6 мың жеңілдетілген несие арқылы және 10 мыңнан астам отбасы әлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі», - деді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасыЖайымбетов Мархабат Жайымбетұлы.

Мәселен, әкімдіктердің кезектерінің әлеуметтік осал санаттары үшін 1 882 сатылмайтын жалға берілетін пәтерлер (немесе 95 мың шаршы метр) пайдалануға берілді, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 4 142 пәтерге (208,2 мың шаршы метр) дейін жеткізу жоспарлануда.

2019 жылы «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде берілген Елбасы тапсырмасы аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуі жалғасуда. Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 1664 пәтер (111,7 мың шаршы метр) салынды және сатып алды, жалпы, жыл соңына дейін 5288 отбасыны (339,8 мың шаршы метр) қамтамасыз ету күтілуде. Сонымен қатар, түрлі қаржыландыру көздерді тартудың арқасында тағы 3868 көпбалалы отбасы баспаналы болды.

Статистика мәліметтері бойынша 2020 жылдың 11 айында 12,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 9,3% артық.

Ағымдағы жылы Бағдарламаның барлық қаржыландыру көздерінен бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру міндеті аясында 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді (немесе 150 мың тұрғын үй) пайдалануға беру жоспарланып отыр, бастапқы жоспар бойынша 14,1 миллион шаршы метр жоспарланған болатын.

Сонымен қатар, тұрғын үйлерді уақытында пайдалануға беру үшін құрылыс алаңдарына қажетті инженерлік коммуникацияларды жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 71,8 млрд.теңгеге 305 жоба іске асырылуда.