Төрт өңірде қатты аяз болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Болжам 95-100% дәл келуі ықтимал

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» дерегіне сүйеніп, еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жариялады.

25 желтоқсанда Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады. 26 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 33 градус аяз болады.

26 желтоқсанда Павлодар облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 38 градус аяз болады, 27 желтоқсанда түнде 32-37, кей жерлерде 40 градус қатты аяз болады.

26 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүгінде 30 градус аяз болады. 27 желтоқсанда түнде 25-30, кей жерлерде 35 градус аяз болады.

26 желтоқсанда Шығыс-Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градус дейін күрт төмендейді, аяз болады. 27 желтоқсанда 37-42 градус қатты аяз болуы мүмкін.