Жезқазған жастарына бизнес бастауға жылына 5 несие беріледі

Автор: Azattyq Rýhy

Nur Otan партиясы қалада жыл сайын 2 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды көздейді

Бүгін Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Айман Кузбакова «Zoom» платформасында Жезқазған бизнес және көлік колледжі студенттерімен және «Jas Otan» ЖҚ белсенділерімен конференция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жастар қоғамның қозғаушы күші екеніне назар аудартқан Айман Бекенқызы партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жастарды қолдауға бағытталған ауқымды шараларға тоқталды.

«Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттердің барлығы ең алдымен жастарға – еліміздің болашағына бағытталған. Бұл – жоғары жалақысы бар жаңа жұмыс орындарын құру, бұқаралық спортпен айналысуға мүмкіндік жасау, білім мен медицинаны дамыту. Жезқазған қаласында жас ұрпқтың өмір сапасын арттыруға бақытталған іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр: «Жасыл ел» қозғалысы, «Алаңым», «Жастар Жастарға» жастар театры, «Дипломмен ауылға жобасы», ауылдағы жастарға арналған кәсіпкерлік бағдарламасы», - деді Айман Кузбакова.

Оның айтуынша, Nur Otan партиясының бағдарламасы Жезқазғанда жыл сайын 2 мыңнан астам жасты жұмысқа орналастыруды көздейді. Сонымен қатар «Жасыл ел» еңбек отрядтары арқылы кемінде 150 жас жұмыспен қамтылмақ.

«Жыл сайын жастарға өз кәсібін бастауға немесе бизнесін жүргізуге 5 несие беріледі. Сонымен қатар жыл сайын 3 еріктілер жобасын жүзеге асыру арқылы волонтерлік қызметті кеңейту қолға алынады. Ал жастар саясаты саласындаңы іс-шараларды жүзеге асыруға 11 мыңнан астам жас қамтылады», - деді кандидат.

Айта кету керек, Nur Otan партиясы алдағы уақытта жоғары білім алу гранттарын 50%-ке ұлғайту, студенттердің шәкіртақысы мен магистранттардың, докторанттардың стипендиясын көтеру, жатақхана орындарын көбейту, сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқыту мен жұмысқа орналастыру бойынша нақты міндеттерді өз мойнына алып отыр.

Қарағанды облысы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.