Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында кәріз жүйелері жаңартылмақ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, праймериз жеңімпазы, облыстық мәслихат үміткері Калыйма Жантөреева Фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың сауалына жауап берді. Тұрғындардың сауалына орай, Калыйма Жантөреқызы эфир барысында Кентау қаласындағы тозығы жеткен кәріз жүйелерінің құрылысы туралы мәселе көтерді, деп хабарланды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметінен.
«Кентау қаласындағы кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 86,6 шақырымды құрайды. Жүйенің құрылысы 1955-1960 жылдары аралығында жүргізіліп, пайдалануға берілген. Онда 16 тазарту тұндырғыштары орналасқан. Оның алаңы 18 текше метр, тереңдігі 18 метрді құрайды. Кәріз жүйелерінде бетон науалары, бетон каналдары мен арықтары қолданылады. Сүзу өріс алаңы 48 гектар аумақта орналасқан. Кәріз жүйелеріне 12 500 абонент қосылған», - деді Калыйма Жантөреқызы.
Бүгінде кәріз жүйелерінің және кәріз су тазарту станциясының тозығы жетуіне байланысты қаладағы 52 мөлтекаудандағы көшелер мен Степная, Шахтерская көшелерін және Бүргем елдімекенін кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету және жаңа кәріз су тазарту станциясының құрылысын жүргізу мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Жобаны іске асыруға 36 ай кетеді. Жобалық-сметалық құжаттарды аяқтау 2020 жылға жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 91 млн теңге жұмсалмақ.
«Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Осындай халықтың көңілінде жүрген өзекті проблемаларды шешуді «Nur Otan» партиясы ұдайы бақылауында ұстайды», – дейді үміткер.
Тікелей эфир барысында Кентау қаласының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту туралы да сөз қозғалды. Қазір Кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері бойынша 38 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 468,9 шақырымды құрайды. «Nur Otan» партиясы 2025 жылы аудан тұрғындарын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Атап айтқанда, ол үшін 2022-2024 жылдары Ойық, Егізқара, 32 разъезд, Қаратөбе сияқты 4 шағын елдімекендегі локалды су жүйелерін шешу көзделуде. Нәтижесінде, Кентау қаласы және оған қарасты ауыл округтері 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Аталған үміткер бұл мәселелерді Кентау қаласы тұрғындарымен кездесуде де тұрақты түрде түсіндіріп, ұсыныстарды тыңдап келеді.
Ал газдандыру жобасына байланысты Кентау қаласы бойынша 2 кезеңде яғни, Хантағы және Үшқайық ауылдарында құрылыс жұмыстары аяқталған. 2025 жылға дейін Хантағы, Үшқайық, Қарнақ, Байылдыр, Жүйнек, Оранғай, Шаға, Қарашық, Ибата, Ойық, Шоқтас елдімекендері табиғи газбен қамтылмақ. Осы мақсатта жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан қорытынды алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру жоспарлануда. Нәтижесінде кеншілер шаһарында газбен қамтамасыз етілген елдімекендер үлесі 65,9 пайызға, ал қала бойынша 100 пайызға жетпек.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.