Олар 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген
19 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Швейцария, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 18 халықаралық әуе рейспен 2 008 қазақстандық ұшып келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 237 адам келген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
18 желтоқсанда тиісті анықтамасыз ұшып келген 210 қазақстандықтың екеуінен ПТР-талдау нәтижесі бойынша коронавирус анықталған. Олар Нұр-Сұлтан қаласына Ыстамбұлдан ұшып келген.