Қызылорда облысындағы «Күріш ақтау» зауытында экспромт-кездесу өтті

Автор: Azattyq Rýhy

«Nur Otan» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді

Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тілеуберген Шаутай, Патима Маханбет, Насырбек Мырзабеков, Серік Мүліковтың қатысуымен «Күріш ақтау» зауытында еңбек ұжымымен экспромт-кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Кездесу барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарымен таныстырды. 

«Ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 121 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Бес жыл ішінде асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал санын 1340-қа, ұсақ малдың санын 25 134 басқа дейін арттыруға, Шиелі кентінде сүт бағытындағы 1 200 бас ірі қара фермасын, жүгері өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 3 мың гектарға суармалы жерлердің көлемін арттыруға, Ш.Қодаманов ауылында 1 000 бастық бордақылау алаңын салуға, аудан тұрғындарының жеке малдары үшін жайылымдық мәселесін шешу жолдарын қарастыруға, аудан орталығында 2 әлеуметтік дүкен ашуға ықпал етеді», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тілеуберген Шаутай.

Зауыт ұжымы партияның түрлі жобаларды жемісті жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

«Елімізде сайлау өтетінінен хабардармыз. «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде түрлі жобаларды жемісті жүзеге асырып келеді. Түйткілді мәселелер де партияның жіті бақылауында. Біздің ұжым ауданның экономикасына өз үлесін қосып келеді. Еңбектің – наны тәтті» деген жұмысшылар уақытылы жалақысын алып отыр. Ауданның дамуына үлес қосып жатқандарын сезінеді. Партияның бағдарламасымен таныспыз. Қолдау білдіреміз», - деді ұжымның атынан сөз алған Марат Шоханов.

Үміткерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырды және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді