«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тұрғындармен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Қоғамдық қабылдау онлайн және жеке кездесу форматында өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының   қоғамдық қабылдау  бөлмесінде қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қала тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қабылдауға қала тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты. Онлайн және жеке кездесу форматында өткен қабылдауда қала тұрғындары 100-ден астам сауал қойды. Басым бөлігі әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым, тұрғын үй, газ, электр жарығы, көпбалалы аналардың өтініш-тілектері негізінде қойылды. Аталған мәселелер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі.

Айта кетейік, Шымкент қаласының сайлауалды бағдарламасы да праймериз кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалды. Нақтырақ айтқанда, қала тұрғындарынан келген 685 ұсыныстың 98 пайызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізі бағыттарының біріне айналды. Сондықтан да қала тұрғындарынан келген өтініш-тілектердің барлығы бастауыш партияның 5 жылдық сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан. 

Эфир барысында Бахадыр Нарымбетов қалалық Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен партияның алға қойған жоспарлары жайлы айтып, қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.