Шымкентте карантиндік шектеу шаралары ұзартылады

Автор: Azattyq Rýhy

Шектеу шаралары 11 қаңтарға дейін ұзартылатын болды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсаннан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылатын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 желтоқсан күнгі №46 «Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту туралы» қаулысында былай делінген:

- жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру;

- сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу;

- сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің сыйымдылығы 30% аспайтын, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін шектеу;

- жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.