Коронавирустың таралу қауіпі бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы бар
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 10 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша қайтадан «қызыл» аймаққа өтті. Қазір «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы орналасқан.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.
Айта кетейік, бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқас саны - 16762, оның ішінде, 15 583-і аурудан айығып шықса, 340 адам қайтыс болды.