Үндістанда таралған белгісіз аурудың себебі анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Су мен сүттің құрамынан қорғасын және никель табылды

 

Фото: ашық дерек көздерден

Үндістанның оңтүстігінде Андхра-Прадеш штатында жұмбақ ауру жаппай тарап кетті. Дәрігерлер оның себебін анықтады. Қорғасын мен никель жергілікті тұрғындар тұтынған су мен сүттің құрамынан анықталды, алайда оның бұл сұйықтықтарға қалай енгені белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Элуру қаласында және оның айналасында белгісіз аурудың өршуі өткен жексенбіде басталды. Ауру белгілері мынадай: үш-бес минут ішінде эпилепсияның бірнеше рет қайталануы, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, әлсіздік, бас ауруы және арқадағы ауырсыну. Жұмбақ аурудың себебі туралы толық ақпарат орталық департаменттер өз есептерін ұсынғаннан кейін ғана белгілі болады. Ең алдымен, індеттің себебі қорғасын және никель екені анықталды», - деді Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары Алла Кали Кришна Сринивас.

Сонымен қатар, есепте бұл алдын ала мәліметтер екені және қосымша зерттеулердің нәтижелерін күту қажеттігі айтылған.

«Үндістанның химиялық технологиялар институты және басқа да институттар қосымша зерттеулер жүргізуде және жақын арада нәтижелер күтілуде. Бас министр билік органдарына пациенттердің денесіндегі ауыр металдардың құрамын мұқият тексеруді және емдеу процесін үнемі бақылауды тапсырды», - делінген кеңсе хабарламасында.

Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, барлығы 505 адам зардап шекті, 370-тен астамы жазылды, тағы 120-сы ауруханаларда қалды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Тегтер: