Бас санитар дәрігер босануға серіктес болуға қатысты өзгеріс енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанға шет елдерден келетін жолаушыларға қатысты бірқатар міндет жүктелді

көрнекі фото: b17.ru

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес, серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болған жағдайда босануға қатыса алады.  

Ертіп жүретін адамдарда Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР-тест нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстанның үкіметтік делегация мүшелерін; авиакомпаниялар экипажын қоспағанда, барлық келген адамдар анықтама ұсынуға міндетті.