Соңғы тәулікте Қазақстанға шет елдерден ПТР-анықтамасыз 147 жолаушы келді

Автор: Azattyq Rýhy

Келген 992 жолаушының бәрі - Қазақстан азаматтары

көрнекі фото: nn-airport.kz

2 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусь елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 992 жолаушы келді. Олардың ішінде 845 жолаушыда теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 147 адамда тиісті анықтама болмаған. Жолаушылардың бәрі – Қазақстан азаматтары. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс (449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125);
  • Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс (412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз – 20);
  • Орал қаласының әуежайына - 2 рейс (40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз – 1);
  • Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс (91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1) келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 147 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.