Алматы әкімі шектеу шараларының күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте мегаполисте 84 адамнан коронавирус анықталды

 

Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдай күрделенсе, режимнің күшейетінін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

«Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», - деп жазды Б. Сағынтаев. 

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, олардың 84-і Алматы қаласында тіркелді.