«Тараз тұрғындарына КВИ-ге қарсы вакцина сынағын өткізеді»: ДДСҰ өкілі жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

ДДСҰ Қазақстан тұрғындарына вакцина сынағын өткізбейді және ондай жоспары жоқ

Кэролайн Кларинвал, фото: ОКҚ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кэролайн Кларинвал 25 қараша күні БАҚ-тардың бірінде жарияланған «Коронавирусқа қарсы вакцина Тараз тұрғындарына сыналады» деген ақпаратты пікір білдіріп, ДДСҰ Қазақстан тұрғындарына вакцина сынағын өткізбейді және ондай жоспары жоғын айтты.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен ДДСҰ қызметі туралы материалдарды дайындау кезінде және шынайы ақпарат алу мақсатында ДДҰ-ның Қазақстандағы кеңсесіне хабарласуды сұраймыз», - деп жазды ұйымның Facebook-тегі парақшасында.

Еске салайық, кешеден бері бірнеше БАҚ-та ДДСҰ коронавирусқа қарсы вакцинаны Тараз тұрғындарына сынайды деген ақпарат тарады. Ақпаратта бұл үшін 200 мың теңгеден берілетіні айтылған.