Алдағы жексенбіде Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қатынамайды

Автор: Azattyq Rýhy

23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды

Фото: Батыржан Беспаев

Жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес, қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді. Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.