Қазақстан халқының 58,9%-ы қалада тұрады – Статистика бюросы

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда халық санағы пандемияға байланысты 2021 жылға қалдырылды

Көрнекі фото: newtimes.kz

1 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда халық саны 18 млн 809 мың 200 адамды құрады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ұлттық статистика бюросы ақпаратына сәйкес, 18,8 млн адамның ішінде:

  • 11 млн 87 мың 500-ы - қала тұрғындары (58,9%);
  • 7 млн 721 мың 700-і - ауыл тұрғындары (41,1%);
  • 9 млн 124 мың 600-і - ер адамдар (48,5%);
  • 9 млн 684 мың 600-і - әйел адамдар (51,5%).

2019 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 238,9 мың адамға (1,3%) өсті. Осы аралықта ең көп өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,9 мың адам), Нұр-Сұлтан (49,5 мың адам) және Шымкент (32,8 мың адам) қалаларында тіркелді.