Карантин: Ақтөбе облысында 11 той иесіне 7 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында бір аптада 11 той иесіне 7 миллион теңдеген астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«3-9 қараша күндері аралығында мейрамханаларда 11 той өткізілген. Оларға 7,2 миллион теңгеге айыппұл салынды. Қазір облыста эпидахуал тұрақты. Егер біз бетперде тағып, арақашықтықты сақтасақ, жағдай қалыпты болады. Сондай-ақ өңірде оқушылардан COVID-19 анықталмады. Оқушы саны 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі оқу тәртібіне көшеді. Қазір Қаулы дайындалып жатыр», - деді Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева. 

Оның айтуынша, өткен тәулікте өңірде 10 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.