Жыл басынан бері елімізде құрылыс көлемі 10%-дан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Көрсеткіштің төмендеуі тек Қызылорда облысында байқалған
 

Фото: forbes.kz

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 110,5%-ды құрады (жоспар бойынша 101,1%).

«2020 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша 16 өңірде оң динамика байқалады. Ең үздік көрсеткіш – Шымкентте (178,4%), сондай-ақ, Түркістан (175,9%) және Жамбыл (138,1%) облыстарына тиесілі», - делінген ведомство хабарламасында.

Көрсеткіштің төмендеуі тек қана бір өңірде – Қызылорда облысында (50,8%), магистралдық газ құбырларын салу бойынша жұмыстардың аяқталуы есебінен байқалады.