Қызылорда облысында тәрбиешілер 4 ай бойы жалақы ала алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Еңбекақы дауы 22 балабақшада туындаған

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бір топ жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жалақыларын даулап әкімдік табалдырығын тоздырғандарына үш ай болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Негізі Жаңақорған ауданында 80-ге жуық балабақша бар. Басым көпшілігі жалақысын уақытылы алып отыр. Еңбекақы дауы 22 балабақшада туындаған.

«Министерліктің жеке балабақшалар ұйымдарда толық мемлекеттік тапсырыспен қаржылары төленсін деген хаты бар. Ал қазір 22 балабақша айлығын ала алмай отыр», - дейді заңгер Қарасай Әшірбеков.