Өткен аптада Қазақстанда коронавирустан 22 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

ШҚО-да індеттен 18 адам қайтыс болған

Көрнекі фото: ДСМ баспасөз қызметі

5-11 қазан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 22 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысында - 18:

1953, 1941,1963, 1943, 1938, 1936, 1927, 1991 жылғы ер адамдар,

1959, 1962, 1959, 1978, 1969, 1950, 1963, 1940, 1961, 1958 жылғы әйел адамдар.

Солтүстік Қазақстан облысында - 2:

1939, 1966 жылғы ер адамдар.

Қостанай облысында - 1:

1976 жылғы әйел адам.

Маңғыстау облысында - 1:

1967 жылғы ер адам.

Пандемия басталғалы Қазақстанда COVID-19 індетінен барлығы 1 768 адам қайтыс болды.