Ол қандай жағдайда, қандай шектеу шаралары қайтарылатыны алдын ала белгіленгенін жеткізді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» теларнасындағы Akimat LIVE тікелей эфирінде қандай жағдайда қалада шектеу шаралары күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Біз мұны коронавирус жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу арқылы анықтаймыз. Біздің ауруханаларға 250-ден астам науқас жатса, бірден шектеу шараларын қабылдаймыз. Вирустың бүкіл қалаға таралмауын қадағалаймыз. Міндетті түрде шектеу шараларын қолданамыз. Сонымен қатар, алматылықтар да вирустың алдын алуға өз көмектерін тигізуі керек», – деді Бақытжан Сағынтаев.
Ол қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен енгізілген шаралар өз күшінде қалып, өзгермейтінін айтты.