Карантин талаптарын жиі бұзатын нысандар аталды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық және мобильді топтардың жұмысы талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елордада карантиндік шаралардың сақталуын бақылау және мониторинг бойынша шараларды күшейту туралы тапсырма берілді.
Ережені бұзатын негізгі нысандар – ойын-сауық орындары, тамақтану мекемелері, кафелер, мейрамханалар, караоке-барлар, сауда орталықтары мен базарлар.
Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтардың жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілері бойынша күнделікті түнгі және күндізгі рейд жүргізуді, карантин бұзушыларды жауапқа тартуды тапсырды.
«Коронавирустың ықтимал екінші толқыны жағдайында дәрі-дәрмек тапшылығына және дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауапты адамдар дәрі-дәрмектің бағасын қатаң бақылауы керек. Басқа елдерден келгендер үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуден өткізу қажет», - деді Мәкен.
Жаза маска режимін сақтамайтын азаматтарға да қолданылады. Отырысқа қатысушылар COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу және алдын алуға бағытталған шешімдерді қолдайынын жеткізді.