$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2020, 22:24
Қоғам

Еліміздегі 3 қаланың емдеу мекемелері ӨЖЖ аппаратымен толық қамтылды

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына өкпені жасанды желдету аппаратының 402 данасы жеткізілді

Еліміздегі 3 қаланың емдеу мекемелері ӨЖЖ аппаратымен толық қамтылды
Фото: voxpopuli.kz

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы медициналық мекемелер өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарымен толық қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда, бұл қалаларға 402 ӨЖЖ аппараты жеткізілді.

«Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарына 384 аппарат жөнелтілді. Жалпы, еліміздің барлық өңіріне 1,5 мың ӨЖЖ аппаратын жеткізу жоспарланған. Бұл жоспарды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін іске асыру көзделіп отыр», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызмеоінің хабарламасында.

Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен ӨЖЖ аппараттарын «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) және «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.) сияқты 2 кәсіпорын шығарады. Аталған кәсіпорындар – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұлттық компаниясының еншілес ұйымдары.

Серіктес жаңалықтары