Атырау облысында 700-ден астам адам қызылша жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың жартысынан астамы кішкентай балалар

Жыл басынан бері Атырау облысында қызылша жұқтырудың 700-ден астам дерегі тіркелген. Ауырғандардың жартысынан астамы 14 жасқа толмаған кішкентай балалар деп хабарлайды «Хабар-24».

Дәрігерлердің айтуынша, қызылша жұқтырған балалардың көбі екпе алмаған. Олардың ата-аналары өздерінің діни ұстанымдарына байланысты балаларына дәрі егуден бас тартады екен.

Өңірдің дәрігерлері қызылшаның алдын алу мақсатында 1 сәуірден бері жаппай екпе егу науқанын жүргізіп келеді. Бүгінге дейін 8 мың 808 бала дәрі қабылдапты. Сондай-ақ, 3 мың медперсонал мен науқастармен байланыста болған 500 адам да екпе алған.

20 мен 29 жас аралығындағы азаматтарға вакцинация өзі тіркелген емханасында тегін жүргізіледі. Ал, вахталық жүйемен жұмыс істейтін азаматтар жұмысқа келген мекен-жайында екпе алуға құқылы.