«Қазгидромет» 6-8 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады
Қазақстанның көптеген өңіріндегі ауа райына солтүстік-батыстан келе жатқан суық антициклон ықпал етіп, күн суытады. Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Сондай-ақ жел күшейіп, көктайғақ, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.