Айыппұл мөлшері 4 миллиард 364 миллион 330 мың теңгені құрайды
Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін 650 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының деңгейіне әсер ететін негізгі тетік – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау.
«Сонымен, 2020 жылдың сегіз айында ҚР жол ережелерін бұзғаны үшін 654 мың 378 жол пайдаланушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері 4 миллиард 364 миллион 330 мың теңгені құрайды. Осы кезеңде 8 мың 534 әкімшілік іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. 1 мың 267 жүргізуші куәлігінен айырылды, 816 адам әкімшілік қамауға алынды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.