Карантин басталған 6 айда алматылық медқызметкерлерге 11 млрд теңгенің үстемақысы төленген
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бірқатар емханалардың басшылығына медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу мәселелері бойынша ескерту жасады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әкім орынбасары медициналық мекемелердің басшылығымен эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жалақыға үстемақы төлеу мәселелері бойынша жиын өткізді.
Бұған дейін алматылық медқызметкерлер өздеріне тиесілі үстемақыны ала алмай жүргендерін айтып, бірнеше рет шағымданған болатын. Жиын барысында белгілі болғаны, құжаттарды рәсімдеу кезінде кедергілер болған. Кешіктірулер соның салдарынан болыпты.
Осыған байланысты, Ержан Бабақұмаров осындай дұрыс істелмеген жұмыстары үшін емханалардың басшыларына, атап айтқанда, № 1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Э.Қалиевке, №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері М.Рамазановқа, Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Н.Табынбаевқа, Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Е.Сералинге, қалалық жедел көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері А.Джувашевке, Қалалық паллиативтік көмек орталығының бас дәрігері Э.Затыбековаға, фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығының басшысы М.Әденовке, №1 көпсалалы медициналық орталық басшысы Ж.Сәпиеваға ескерту жасады.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына пандемиямен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелердің қызметкерлеріне тиесілі барлық төлемдерді толық және уақтылы жүзеге асыру үшін тиісті құжаттарды енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Сонымен қатар, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қауіп топтары бойынша үстемеақылар төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19-ға қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйымдардың қызметкерлеріне үстемақы төлеуге арналған сома осы жылдың наурыз айынан бастап 6 ай ішінде 11 млрд теңгеден астам соманы құрады. Айлар бойынша төлемдер сомасы: