Елімізде 40 бала COVID-19 індетінен емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Стационарларда 1 804 науқас жатыр, 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.