Елордада және Қазақстанның он өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек күні таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып.

23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр. Петропавлда 23 қыркүйек күні күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел түнде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр.

23 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. 23 қыркүйекке қараған түні облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. Қарағандыда 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Жезқазғанда 23 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

23 қыркүйекте Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел түнде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр. Көкшетауда 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

23 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Қостанайда 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

23 қыркүйек күні таңертең және күндіз Қызылорда облысында батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Оралда 23 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз 23, түнде 24 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз 23, күндіз 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр жел соғады. Павлодарда күндіз 23, түнде 24 қыркүйекте оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр, күндіз 24 қыркүйекте екпіні секундына 23 метр жел соғады.

23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады. Семейде 23 қыркүйекте күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

23 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.

23 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні секундына 23 метр болады. Ақтөбеде 23 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйек күні таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.