Осы жылдың басынан бастап Калифорниядағы орман өрттері рекордтық 12 мың шаршы шақырым аумақты қиратты
АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрттері жалғасуда. Жалын 40 мың гектар жерді қиратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Өртке қарсы күреске мыңдаған құтқарушылар қатысуда. Билік өкілдерінің айтуынша, өрт ошақтары 30-ға жуық жерде орналасқан. Осы жылдың басынан бастап Калифорниядағы орман өрттері рекордтық 12 мың шаршы шақырым аумақты қиратты. Осы кезеңдегі өрттің алтауы 1930 жылдан бастап мемлекет тарихындағы ең үлкен өрттердің бірі болып тіркелді.