Шымкенттің екі тұрғынында сібір жарасы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Профилактикалық антибиотикалық терапиядан 20-дан астам адам өтті. Олар жұқтырған адамдармен байланыста болған 

Шымкенттің екі тұрғыны күйдіргі ауруы анықталғаннан кейін медициналық бақылауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.

«Сібір жарасы анықталған екі ер адам 19 және 33 жаста, Сайрам ауданында жұмыс істейді. Олар дәрігерлерге қолдарында жара пайда болғаннан кейін жүгінді. Зертханалық зерттеулер диагнозды растады»,- делінген хабарламада.

Ауру жұқтырғандар мал өсіріп, союмен айналысады. Олар ауруханаға орташа ауыр жағдайда түсті, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Профилактикалық антибиотикалық терапиядан жұқтырған адамдармен байланыста болған 20-дан астам адам өтті. 

«Аурудың дереккөзі нақты анықталған жоқ. Бірақ, инфекция болуы мүмкін, біз қандай да бір мал сою болды деп ойлаймыз, өйткені бұл жануарлардан... біздің қаламыз, Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан облысының жақын жатқан аудандары, олар қолайсыз, сібір жарасы бойынша деп айтуға болады. Себебі стационарлық қолайсыз пункттер бар»,- деді Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.