Қазақстанда 2025 жылға дейін республикалық трассаларда 300-ге жуық дәретхана орнатылады

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен 2025 жылға қарай дәретханалары бар 128 автожанармай құю станциясы салынады 

2021 жылы 40 санитарлық-гигиеналық торап орнату жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 297 бірлік санитарлық-гигиеналық торап салу жоспарланғанын хабарлады. 2020 жылы реконструкцияланатын Щучинск-Зеренді, Қарағанды қаласы айналма жолы, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Жетібай - Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан қаласы айналма жолы, Ұзынағаш-Отар, Өскемен-Рахман қайнарлары және Петропавл-Қорған трассаларында 22 дәретхана орнатылады.

2021 жылы 40 бірлік санитарлық-гигиеналық тораптар, 2022 жылы-50 бірлік, 2023 жылы – 55 бірлік, 2024 жылы-65 СМУ және 2025 жылы – 65 бірлік орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен 2025 жылға қарай дәретханалары бар 128 автожанармай құю станциясы салынады.

Бүгінде Алматы - Қорғас, Алматы - Ташкент, Самара - Шымкент, Ақтөбе - Мәртөк, Нұр-Сұлтан - Теміртау, Алматы - Өскемен, Екатеринбург-Алматы және Доссор - Ақтау теңіз порты автожолдарында 18 автожанармай құю станциясының құрылысы жүргізілуде.

Жол бойындағы сервисті дамыту мәселесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің ерекше бақылауында.