Өткен жылмен салыстырғанда, халық саны 1,3% өсті
Қазақстанда халық саны 18 млн 767,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
2020 жылғы 1 тамызға еліміздегі халық саны 18 млн 767,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 млн 049,0 мың (58,9%), ауылдықтар 7 млн 718,5 мың адамды (41,1%) құрайды.
2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда, халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам) және Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында қалыптасты.