Қазақстандық спортшы Чехияда спорттық құзға өрмелеу турнирінде қола жүлдеге ие болды

Автор: Azattyq Rýhy

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Ришат Хайбуллин боулдерингтен Чехияның ашық чемпионатында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы турнирдің қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші орынды Чехия өкілі Адам Ондра жеңіп алған. «Күмісті» Чехия құрамасының тағы бір өкілі Мартин Страник жеңген. 

Айта кетейік, бұған дейін Хайбуллин пандемия басталғаннан кейінгі Франциядағы спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының бірінші кезеңінде өнер көрсеткен.