Қылмыстық әрекеті кезінде олар 15 млн. теңгеден астам сомаға 196 ноутбук ұрлаған
Қылмыстық топтың барлық қатысушылары шартты мерзім алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inAlmaty.kz порталына сілтеме жасай отырып.
Барлық төрт сотталған – Алматы облысының тұрғындары. Тергеу мәліметтері бойынша, екі жыл ішінде олар ҚХР-дан Алматыға Сарыөзек-Қапшағай учаскесінде келе жатқан жүк пойызының контейнерлерінен ноутбукты қолды еткен. Қылмыстық әрекеті кезінде олар 15 млн. теңгеден астам сомаға 196 ноутбук ұрлаған.
«Олар жүктердің атауы туралы толық ақпараттың болуы салдарынан қылмыс жасауға алдын ала дайындалды. Бұл ақпаратты Достық станциясында жұмыс істейтін ұйымның қызметкері болған қылмыстық топқа қатысушылардың бірі иеленді. Сотқа дейінгі тергеу барысында аталған адамдар кінәсін мойындады. Мойындау айғақтары берілді»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қапшағай қалалық соты қылмыстық топтың барлық қатысушыларын кінәлі деп таныды және оларға бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.