Цунами құрбандары туралы ақпарат жоқ
Сейсмологтар Индонезия жағалауында магнитудасы 5,9 жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі RT порталына сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері UTC 00:21-де болды, оның эпицентрі Индонезияның Тернате қаласынан солтүстік-батысқа қарай 132 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 26,6 км тереңдікте тіркелген, қазіргі уақытта цунами құрбандары, қираулар мен қауіптер туралы ақпарат жоқ.