Қоғам белсендісі Көбейтұздың басында пикет өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Экологтың пікірінше, бір әріптің өзі әлемді өзгерте алады  

Белгілі қоғам белсендісі Әсем Омар қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару мақсатында «Аяла- Аяма» атты бір адамдық пикет өткізді.

«Бірегей Көбейтұз қызғылт көлінде көліктің ізі мен тұзды қазып алғаннан кейінгі шұңқырлар қалды. Бұл – қайғылы жағдай. Бәлкім, біз тұтас әлемді өзгерте алмайтын шығармыз, бірақ экологиялық мәдениет, экологиялық білімді көтеруді және тұрғындарымыз бен жақындарымыздың  тәрбиесін өзімізден бастай аламыз», - дейді Әсем Омар.

Пикет өткізу арқылы эко-белсенді халықты табиғатты аялауға шақырды.

«Бүгін – Білім күні. Табиғатқа мейірімділік таныту мен оны қорғау маңызды. Мұнымен тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да айналысуы керек», -  деп ол.