ШҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, отбасылық үлкен той-жиындар өткізуге тыйым салынған
ШҚО полицейлері карантин талаптарын бұзып, үйлену тойлары мен басқа да отбасылық іс-шараларды ұйымдастырып жүргендерді әшкерелеу мақсатында рейдке шығып жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Altaynews-ке сілтеме жасап.
ШҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, отбасылық үлкен той-жиындар өткізуге тыйым салынған.
Осындай рейдтердің бірінде тамыздың соңғы демалыс күндері Аягөз аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде той жасап жатқандардың үстінен түсті. Шақырылған қонақтар тойханаға «артқы» есіктен кіргізіліп, көліктер мейрамхананың арты мен көрші аулаларға қойылған.
Осыған ұқсас жағдай Бесқарағай ауданында да тіркелді. Онда жергілікті тұрғын бәйге ұйымдастырған.
«Карантин режимін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық фактілер мен материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», - дейді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.