Мәслихаттардың отырысын онлайн форматта өткізуді міндеттеу керек – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Үкімет пен Есеп комитетіне тапсырма берді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстан халқына жолдау жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті мәслихаттардың айтқан ұсыныстарын облыс басшылықтары әдейі назардан тыс қалдырады деген пікірін айтты. Сондықтан енді кез келген облыс, қала, аудан мәслихаттарының отырысынан онлайн-трансляция жасау міндеттелмек.

«Жергілікті қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылау – жергілікті мәслихаттардың міндеті. Бірақ көбіне олардың пікірі назардын тыс қалады. Ал бұл – саяси анахронизм. Сондықтан мәслихаттардың қызметіне аймақты дамыту үшін петиция құрып, қол жинау функциясын қосуға болады деп санаймын. Сондай-ақ, мәслхаттар жанындағы ревизиялық комиссиялардың жұмысын күшейту керек», - деді Тоқаев.

Осылайша, Мемлекет басшысы Үкімет пен Есеп комитетіне заңнамаға енгізетін түзетулер пакетін әзірлеуді тапсырды.

«Мәслихат отырыстарынан онлайн трансляция жасауды міндеттеу керек. Халық сайлаған азаматтардың пікірталасы құпия күйінде қалмауы тиіс», - деді Тоқаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан