Сондай-ақ, жыл сайын 500 маман шетелдегі үздік орталықтардың тәжірибесін көреді
Бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жас ғалым» жобасы аясында 1 мың грант бөлуді тапсырды.
«Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан